KZNews.kz
Саясат

Тоқаев Алматының жаңадан тағайындалған әкімін қабылдады

Ілияс Тұрсынхан
фото: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, Дархан Сатыбалды жуырда ғана мегаполис әкімі болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметке Ерболат Досаевтың орнына келді. Жаңа әкім тағайындалғаннан кейін өз жұмыс жоспарымен бөлісіп, көлік жүйесін жаңғырту, қауіпсіздік, кәсіпкерлікті қолдау және басқа да бағыттар бойынша өзгерістер енгізетінін мәлімдеген болатын.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы әкімге қала дамуының негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, мегаполис экономикасын әртараптандыру, инфрақұрылымды кешенді жаңғырту және экологиялық мәселелерді шешу жөнінде міндеттер қойылды.

Ілияс Тұрсынхан
Автордың басқа материалдары