KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды

• Айгерім Асылова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық Құрылтайдың, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →