Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21–22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін, 17 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапар жасаған болатын. Сапар барысында Президент Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығында болып, азаматтық қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен танысты.