KZNEWS.KZ
Қоғам

Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін марапаттады

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды kznews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының шешімімен ол жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталып, Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін алады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылады», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Жарлыққа 2026 жылғы 22 қазанда қол қойылған. Ол қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →