KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Тоқаев ҰҚК төрағасына бірқатар қатаң тапсырмалар берді

• Айжан Сыланова
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомствоның биылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттары талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Атап айтқанда, терроризм мен экстремизмге, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдары жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →