Мемлекет басшысы Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктер басшыларымен бірлесіп, Ирандағы жағдайдың ушығуына және оның Қазақстандағы тұрақтылыққа ықтимал әсеріне байланысты жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Президент тапсырмасына сай барлық күштік құрылымдар тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді.
Сондай-ақ Үкімет жанынан Сыртқы істер министрлігі үйлестіретін арнайы мониторинг тобы құрылып, жұмысын бастады.
Өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы ахуалды ескере отырып, қажетті шешімдер қабылдау жүктелді.