Топ кемінде айына бір рет жиналып, Қазақстанның ұзақмерзімді дамуында қандай бағыттарға басымдық беру керегін талқылайды. Отырысқа кәсіпкерлер, ғалымдар және азаматтық қоғам өкілдері де қатыса алады, деп хабарлайды kznews.kz.
33 адамнан тұратын топты Вице-Президент Ерлан Қарин басқарады. Құрамға Құрылтай депутаттары мен зерттеу орталықтарының басшыларымен бірге «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров және Higgsfield AI негізін қалаушы Ерзат Дулат кірді.
Топты кім басқарады?
Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, сараптама тобының жетекшісі.
Аида Балаева – Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, топ жетекшісінің орынбасары.
Әсет Ерғалиев – Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, топ жетекшісінің орынбасары.
Жандос Шаймарданов – Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры, топ хатшысы.
Сараптама тобының мүшелері
Динара Зәкиева – Құрылтай Төрағасының орынбасары, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл
Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі
Дархан Ахмедиев – Құрылтай депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы
Қарлығаш Жаманқұлова – Құрылтай депутаты
Бөріхан Нұрмұхамедов – Құрылтай депутаты
Айдос Сарым – Құрылтай депутаты
Марат Шибутов – Құрылтай депутаты
Рауан Кенжеханұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті
Бағдат Мусин – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы
Евгений Мухамеджанов – Қазақстан Халық Кеңесінің және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ECO Network жобасының негізін қалаушы
Найла Мұхтарова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры
Айгүл Сәдуақасова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры
Жұлдызай Ысқақова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы
Ғазиз Әбішев – Metropolitan information group ЖШС директоры
Біржан Баткеев – Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы
Ренат Бектұров – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы
Әнуар Боранбаев – «Зерттеу және консалтинг орталығы» ЖШС серіктесі
Эльдар Гумаров – «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының басқарма төрағасы
Ерлан Досымбеков – Ernst & Young компаниясының Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі басқарушы серіктесі, «Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы
Ерзат Дулат – Higgsfield AI негізін қалаушы
Қуаныш Жайықов – Desht талдау орталығының басшысы
Гүлмира Илеуова – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті
Олег Мецик – Форсайт маманы, «СИМКОН» үнемді технологиялар өңірлік орталығының директоры
Мақсат Мұқанов – «Өзекті саясат институты» қоғамдық қорының вице-президенті
Мадина Нұрғалиева – Қоғамдық саясат институтының директоры
Аяулым Сағынбаева – Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық есептеу орталығына қарасты Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы
Олжас Сәкенов – Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары
Андрей Чеботарев – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры
Динара Шүкіжанова – «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті
Сарапшылар не талқылайды?
Президент жанындағы кеңесші органның міндеті – Қазақстанның ұзақмерзімді дамуында қандай бағыттарға басымдық беру керегін сараптамалық тұрғыдан пысықтау. Топ талдамалық және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ болашақтың ықтимал сценарийлерін қарастыратын форсайт зерттеулерін талқылайды.
Отырыс кемінде айына бір рет өтеді. Оған топ құрамына кірмеген мемлекеттік орган, ғылым, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ басқа да мамандар қатыса алады. Топтың жұмыс органы – Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты.