KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтты

• Жарқын Омаров
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы тарихи оқиғаларға әділ баға беріп, елдің дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін ескеру қажет екенін айтты.

«Біз тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек. Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →