Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы өз сөзінде мәслихаттардың барлық деңгейі бойынша кезектен тыс сайлау өткізу мәселесін көтерді.
Президенттің айтуынша, ол жақын уақытта Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде консультация өткізеді. Одан кейін жаңа сайлаудың нақты күнін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.
Мемлекет басшысы қазіргі мәслихат депутаттарының басым бөлігі Amanat партиясынан сайланғанын, кейін партияның "Әділет" партиясына қосылғанын атап өтті.
Тоқаевтың пікірінше, бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби құрамын қалыптастыруға жол ашып, олардың жұмысына жаңа серпін береді.