KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қызметінен босатты

• Қайсар Қанат

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Нұрлан Сауранбаев 2025 жылғы 30 маусымда Қазақстанның Көлік министрі болып тағайындалған. Ал 2026 жылғы 3 қыркүйекте Үкімет құрамы жаңарған кезде осы қызметке қайта тағайындалды.

Ол Көлік министрлігін бір жылдан астам уақыт басқарды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →