KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Қарағандыда қытайлықтармен аудармашысыз сөйлесіп, министрлерді әзілмен қағытты

• Айжан Сыланова
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда Мемлекет басшысының Теміртаудағы Qarmet кәсіпорнында қытайлық ACRE компаниясының өкілдерімен қытай тілінде сөйлескен сәті көрсетілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Осы сәтте оның артында Премьер-министрдің орынбасарлары мен бірнеше министр тұрған.

Үкімет мүшелерінің әңгімені түсінбей тұрғанын байқаған президент аудармашыға сөзді аударуды жалғастыруды ишарамен білдірген.

Кездесу соңында Тоқаев министрлерге әзілдеп: «Олар негізі қытайшаға судай», – деген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →