KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады

• Қайсар Қанат
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

31 қазанда Ақорданың ресми сайтында Президенттің тиісті жарлықтары жарияланды.

Мемлекет басшысының шешімімен Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Ал Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстанның Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кіріседі.

Сонымен қатар Президент жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстанның Кубадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →