KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Тойға шақырмады”: Сәбит Әбдіхалықов қызының ұзатуына неге қатыспағанын түсіндірді

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Әнші Алтынай Жорабаеваның екінші қызының ұзату тойына актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжанның қатыспауы әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген Асылжан ұзату тойына шақырту алмағанын, алайда оған ешқандай өкпесі жоғын айтты. Оның сөзінше, қарындасы Айнара өткен жылы Астанада өткен өзінің шағын отбасылық тойына арнайы келіп, құттықтаған.

Сондай-ақ ол ұзату тойына шақырылмау себебін түсінетінін айтып, ешкімді кінәламайтынын жеткізді.

«Тойға шақырту алмадым. Оның себебін толық түсінемін. Ренжімеймін, ешкімді айыптамаймын. Балаларды туыстыратын қан емес, үлкендердің қарым-қатынасы», – деді Асылжан.

Еске салайық, жуырда әнші Алтынай Жорабаева екінші қызының ұзату тойын өткізіп, қуанышты күннен фотосуреттер мен бейнежазбаларды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →