65 жастан асқан жүргізушілер енді көлік айдай алмай ма? ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Өмірдің шынайы байлығы атақта емес": Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толды

"Өмірдің шынайы байлығы атақта емес": Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толды
ашық дереккөзден

Танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толды. Өнер иесі туған күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден түйген ойын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Актер жас ұлғайған сайын адамның уақыттың қалай өткенінен гөрі, өмірдің қандай сабақ бергені туралы көбірек ойланатынын жазды. Оның сөзінше, өміріндегі қуанышты сәттер оны қанаттандырса, кездескен қиындықтар жігерін шыңдаған.

"Алланың қалауымен бүгін елу үш жасқа толдым. Жас ұлғайған сайын уақыттың қалай өткенін емес, өмірдің нені үйреткенін көбірек ойлайсың екен. Кеше ғана армандап жүрген күндер бүгінде естелікке айналыпты. Қуаныш та көрдік, қиындық та көрдік. Бірі қанаттандырды, бірі шыңдады. Сенім артқан адамдар да болды, сенімді ақтамағандар да кездесті. Бірақ уақыт өте келе бәріне ренжімейсің, бәріне ризашылықпен қарай бастайды екенсің. Өйткені адамның мінезін де, өмірдің мәнін де сынақ ашады. Осы жасқа жеткенде түсінгенім – өмірдің шынайы байлығы жиған дүниеде де, алған атақта да емес екен. Адамның байлығы – деннің саулығы, отбасының амандығы, ата-ананың берген тәрбиесі, перзенттің күлкісі, достың адалдығы, елдің ықыласы екен. Қалғанының бәрі уақытпен бірге өзгереді. Бүгін өткен өміріме өкінішпен емес, шүкіршілікпен қараймын. Себебі әрбір басқан қадамым, әрбір жеңісім мен жеңілісім, әрбір қуанышым мен қайғым мені бүгінгі қалпыма жеткізді. Алла Тағала осындай ғұмырды нәсіп еткеніне шүкір. Ата-анамның ақ батасына, отбасымның тірегіне, туған-туыс, дос-жарандарымның ықыласына, әріптестерім мен мені құрметтеп жүрген барша жандарға ризамын. Алла алдағы өмірімде де елге адал қызмет етуді, өнерге шынайы еңбек етуді, жақсылық жасаудан танбауды нәсіп етсін. Денімізге саулық, жүрегімізге иман, шаңырағымызға амандық, елімізге тыныштық берсін. Елу үш – өмірдің тоқырауы емес, кемелдікке бастар белесі. Әлі де үйренеріміз көп, атқарарымыз көп, айтар сөзіміз де аз емес. Шүкір! Барлық мақтау бір Аллаға!" – деп жазды өнер иесі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер