«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоғжанов бетперде тапшылығы қалай жойылатынын айтты

Тоғжанов бетперде тапшылығы қалай жойылатынын айтты

Ол үкімет отандық өндірушілермен маска шығару көлемін ұлғайту бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Елімізде медициналық бетперде шығару көлемі бір миллионға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы премьер -министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Халық арасында медициналық маска тапшылығы қызу талқылануда. Үкімет басшылығы өндіріс көлемін ұлғайту бойынша отандық өндірушілермен күн сайын жұмыс жүргізіп жатыр. Егер бүгінде елімізде күн сайын 360 мың маска шығарылса, алдағы уақытта тәулігіне 1 миллион шығару міндеті тұр. Біз бұған қол жеткіземіз", - деп сендірді Тоғжанов үкіметте өткен брифингте. 

Айта кетсек, 360 мың бетперденің 171 мыңы бірнеше мәрте пайдалануға жарайды. 

Қазіргі уақытта елде 49 адам коронавирус жұқтырды. Оның 25-і - астанада, 22-сі - Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан