Символдық қадамнан - нақты ықпалдастыққа: "Бештепе" саябағы Түркі дүниесін қалай байланыстырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоғыз айда - 7 қазандық: жылумен қамтудың мәселесі шешілді ме?

Тоғыз айда - 7 қазандық: жылумен қамтудың мәселесі шешілді ме?
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қаңтар - қыркүйек айлары аралығында елімізде жалпы қуаты сағатына 56 Гка болатын 7 қазандық пайдалануға берілген. Ал олардың құрылысына 8,6 млрд теңге жұмсалған.

Аталған жылу қазандықтары инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы аясында салынған немесе күрделі жөндеуден өткеннен кейін пайдалануға беріліп отыр.

Өңірлер бөлінісіне қарай жіктесек, Ақмола және Алматы облыстарында екі-екіден, Қарағанды мен Түркістан облыстарында бір-бір қазандық іске қосылған.

Тағы бір нысан Абай облысында пайдалануға берілген. Оның қуаты сағатына 23,5 Гкал екен. Бұл нысанның күші барлық жаңа қазандықтардың жиынтық қуатының шамамен 42 пайызын құрайды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.