KZNEWS.KZ
Қоғам

Тісін емдеткен 9 жасар бала жақ сүйегінен айырылды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Ақтауда тоғыз жастағы Нұрәділдің отбасы стоматологтарды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Анасының айтуынша, тіс емінен кейін балада ауыр асқыну пайда болып, төменгі жақ сүйегінің 60-70 пайызы зақымданған, деп хабарлайды kznews.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бала Астанада екі рет ота жасатып, шамамен 15 грамм зақымданған сүйек тіні алынып тасталған. Қазір ол дұрыс шайнай алмайды, тек ұсақталған тағаммен тамақтанады.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы тексеру нәтижесінде екі стоматологқа сөгіс жарияланғанын мәлімдеді.

Алайда отбасы бұл шешіммен келіспей, полицияға жүгінген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →