Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Тіркелмеген препараттарды қолданып, халықты алдайды": шығыс медицинасы орталықтарына қатысты шағым көбейген

"Тіркелмеген препараттарды қолданып, халықты алдайды": шығыс медицинасы орталықтарына қатысты шағым көбейген
Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай «Шығыс медицинасы», «қытай медицинасы», «иглотерапия», «мануалды терапия» атауымен қызмет көрсететін орталықтарға қатысты тексеруді жүргізуді сұрап, Денсаулық сақтау министріне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, Астана қаласынан және басқа да өңірлерден «Шығыс медицинасы», «қытай медицинасы», «иглотерапия», «мануалды терапия» атауымен қызмет көрсететін орталықтарға қатысты азаматтардың шағымдары келіп түсуде.

Шағымдарда лицензиясыз немесе тиісті біліктіліксіз медициналық қызмет көрсету, инвазивті рәсімдердің санитариялық талаптарды сақтамай жүргізілуі, тіркелмеген препараттардың қолданылуы, сондай-ақ ауыр диагноздарды «емдеуге» уәде беріп, халықты жаңылыстыратын жарнама фактілері көрсетіледі. Кейбір орталықтар қысқа мерзімге ашылып, атауын немесе мекенжайын өзгертіп, бақылаудан жалтарып жатады. Әсіресе тегі-тамыры белгісіз, өзін білікті дәрігер ретінде жарнамалаған Қытай Халық Республикасының азаматтары төрт-бес ай халықты емдеген болып сеніміне кіріп, артынша емдеу орталығын жауып, «аңқау елге арамза емші» дегендей қалтасын қампайтып алып кетіп қалатындар
да кездеседі.

«Бұл жағдайлар пациенттердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретеді. Қазақстанда «дәстүрлі қытай медицинасы» атауымен ұсынылатын қызметтердің бір бөлігі мазмұны жағынан медициналық қызметке жатады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензияны, тиісті біліктілікті әрі нақты талаптарды сақтауды қажет етеді. Алайда шағымдар көптеген нысандарда бұл талаптардың іс жүзінде орындалмайтынын көрсетуде: қызметтің құқықтық мәртебесі көмескі, мамандардың құзыреті мен жауапкершілігі айқын емес, ал кей жағдайларда клиникалық практикаға жіберілу тәртібі толық расталмаған шетел азаматтарының «ем жүргізуі» туралы деректер бар»,  - деді депутат.

Аманжол Әлтай негізгі қауіп - пациент қауіпсіздігі: антисанитария, стерильділік стандарттарының бұзылуы, медициналық қалдықтарды дұрыс жоймау және инвазивті рәсімдерді қауіпсіздік хаттамаларынсыз жүргізу туралы сигналдар жиілегеннен болып отыр.

Сонымен бірге «препарат/дәрумен/қоспа» ретінде ұсынылатын өнімдердің тіркелуі мен таңбалануы күмән тудырады, ал онлайн-жарнамада ауыр диагноздарды «емдеуге» уәде беру фактілері пациентті жаңылыстыру тәуекелін күшейтеді. Кей нысандардың «тез ашылып - қысқа мерзімде жұмыс істеп - жабылып/көшіп кетуі» жоспарлы тексерудің шектеулерін көрсетіп, тәуекелге негізделген бақылауды және ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажеттігін айқындайды.

«Осыған байланысты мынадай нақты ұсыныстарға назар аударуыңызды сұраймын: 1. Бұл қызмет түрлерін құқықтық тұрғыдан нақты жіктеп, ресми түсіндірме жариялауды; 2. Инвазивті рәсімдер жүргізетін орталықтарға бақылауды күшейтуге; 3. Шетел азаматтарының медициналық қызметін цифрлық реестр арқылы міндетті түрде ашық көрсетуге; 4. Тіркелмеген препараттар мен онлайн-жарнаманы ведомствоаралық бақылауды күшейтуге; 5. Азаматтарға лицензияны және дәрілік заттардың заңдылығын тексеру бойынша нысаналы ақпараттық жұмыс жүргізуді жолға қою керек», - дейді халық қалаулысы.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі