Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»
Автор: Бердугожина Сания Қайрбековна
Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: 6 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-21
Материал туралы қысқаша түсінік
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы. Апталық өткізгенде пайдасы өте көп. Бұл материал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін пайдасы орасан зор деп ойлаймын. Материалдың ішінде жоспар, сабақ жоспары, қорытындысы және сабаққа өзіндік талдау барлығы жазылған.
Күні: 27. 11. 2017Сыныбы: 6Пәні: Қазақ тіліСабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы. Сабақтың мақсаты:а)білімділік: оқушыларға сын есімнің жасалуы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.б)тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру,топтастыру, сұрақ-жауап, тест жұмысы, бағалау, бекіту, қорытындылау.Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, слайд.Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру,сергіту сәті, жаттығу жұмысы, бекіту, қорытындылау, бағалау.Пәнаралық байланыс: әдебиетСабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Тренинг «Танысу». Шарты: Өз есімінің басқы әріпінен басталатын сын есім ойлауы керек.
- Кезекші мәлімдемесі.4.Журнал бойынша түгелдеу.
- Күміс қоңырау тобы.
- Өткен сабақты тест тапсырмасы арқылы сұрау.
- Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
- Дәптерлерін алмастыру.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
- -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі, т. б.
- -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жолдас-сыз, ат-сыз, т. б.;
- -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік,т.6.;
- -шыл, -шіл: жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл, т. б.;
- -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең, т. б.;
- -кер, -гер, -қой, -қор, -паз (-ымпаз, -імпаз): табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, бәле-қор,жем-қор, шай-қор, өнер-паз, жең-імпаз, т. б.;
- -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, түрк-і, қалмақ-ы, алтай-ы, т. б.Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жүрнақтар мыналар:
- -ғак, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қақ, тай-ғақ, ур(і)к-ек, қор(ы)қ-ақ, бөл-ек, т. б;
- -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік, т. б.
- -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш, т. б.;
- -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, үш-қыр, ал-ғыр, тап-кыр, біл-гір, т. б.;
- -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шақ, мақтан-шақ, т. б.;
- -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы, т. б.;
- -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, асыра-нды, құра-нды, түй-інді, т. б.;
- -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айны-малы т. б.;
- -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді, т. б.;
- -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб(п)-еген, қаб(п)-аған, т. б.;
- -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы, т. б.;
- -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, ес-пе, боя-ма, т. б.
в) Сергіту сәті: Ойын «Көрерменнен көрімдік»
г) Сабақты бекіту: 1. Тапсырмалар орындау (топпен жұмыс)2. Венн диаграммасы (топ басшыларымен жұмыс)
д) Сабақтың қорытындысы:
- «Инсерт» кестесі (жекелей жұмыс)
- Үйге тапсырма: «Қонақта» тақырыбында сын есімді қатыстырып, шағын эссе жазу. 3. Топ басшылары бағалайды.
Тексердім:
Сабаққа өзіндік талдау 6 – сыныпта барлығы 7 оқушы бар. Оның 2 – еуі қыз бала, ал 5 – еуі ұл балалар. Оқушылардың бір – бірімен қарым – қатынасы өте жақсы, бауырмал, көмекке әрқашан әзір. Сыныпта биологиялық кемшілігі бар оқушы Кәкөшев Ғабит. Оның көру кемістігі бар. Оқушыларда психологиялық кемшіліктер жоқ. 6- сыныптың сабаққа дайындықтары жақсы, үйге берілген тапсырманы уақытылы орындайды. Ата – анамен қоршаған ортаның рөлі қалыпты. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру,топтастыру, сұрақ-жауап, тест жұмысы, бағалау, бекіту, қорытындылау.Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, слайд.Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру,сергіту сәті, жаттығу жұмысы, бекіту, қорытындылау, бағалау.Сабақтың мақсаты:а) білімділік: оқушыларға сын есімнің жасалуы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Пәнаралық байланыс: әдебиет. Себебі, тапсырмалар орындағанда мақал – мәтелдер, мәтіндер кездеседі.Оқушылардың қабілетіне сәйкес топтастыру стратегиясы, сематикалық карта, «Инсерт кестесі», Венн диаграммасы және т.б қолданылды.Көрнекіліктермен жұмыс жасап, тапсырма орындаған сайын қызығушылықтары артты.Сабақ барысында оқушылар жекелей де, топпен де жұмыс жасады. Техникалық құралдар, көрнекіліктер мүмкіндігінше пайданалынды. Жалпы қойған мақсатқа жеттім. Оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, сабақты өте жақсы меңгерді.
«Жаңа – Үлгі негізгі орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы: «Сын есімнің жасалуы»
Мұғалімі: С. К. Бердугожина
2017 – 2018 оқу жылы
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.