Жұмыс іздеп жүрген азамат құлдыққа қалай түскенін айтып берді (ВИДЕО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

TikTok-тағы тікелей эфирден кейін бойжеткен 10 тәулікке қамалды

TikTok-тағы тікелей эфирден кейін бойжеткен 10 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир барысында әдепсіз әрекетке барған бойжеткен әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік желілерде заңға қайшы контентті анықтау бойынша жүргізілген мониторинг кезінде TikTok-тағы тікелей эфирдің бірі полицияның назарына іліккен.

«Эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, әдепсіздік көрсетті және есірткі қолданатынын мәлімдеген. Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады», – деп хабарлады полиция.

Жедел жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оның жеке басы анықталды. Құқық бұзушы Түркістан облысының тумасы, Семей қаласында уақытша тұрып жатқан 26 жастағы Азиза Қоқанова болып шыққан. Полиция оның мас күйде болғанын да хабарлады.

Іс сотта қаралып, әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот қаулысымен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Ішкі істер министрлігі интернет кеңістігінде жасалған заң бұзушылықтар да назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Ведомствоның мәлімдеуінше, әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы әрекеттер анықталған жағдайда, олардың барлығына құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі