Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Тест жауабын сату, грантқа кепілдік беру”: ҰТО талапкерлерге ескерту жасады

“Тест жауабын сату, грантқа кепілдік беру”: ҰТО талапкерлерге ескерту жасады
Фото: gov.kz

Ұлттық тестілеу орталығы әлеуметтік желілерде ҰБТ-ға қатысты тарап жатқан жалған хабарландыруларға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Соңғы уақытта интернетте «тест жауаптарын сату», «ҰБТ-дан өткізу» немесе «грантқа кепілдік беру» секілді ұсыныстар көбейген. Орталық мұның барлығы алаяқтардың талапкерлерді алдап, ақша табу үшін қолданатын айласы екенін мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, ҰБТ сұрақтарын алдын ала сатып алу немесе нақты нұсқаларды білу мүмкін емес. Себебі әр қатысушыға тест компьютер арқылы жеке жасақталады, ал тапсырмалар кездейсоқ таңдалады. Сондықтан желідегі «дайын жауаптардың» нақты тестке қатысы жоқ.

«Барлық тест тапсырмалары орталықтың интеллектуалдық меншігі болып саналады. Оларды заңсыз таратқандар мен алаяқтық ұйымдастырғандар заң аясында жауапқа тартылады», – делінген ресми хабарламада.

Ұлттық тестілеу орталығы түлектер мен ата-аналарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және емтиханға адал дайындалуға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.