"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тереза Мэй үкіметтің шұғыл отырысын өткізеді

Тереза Мэй үкіметтің шұғыл отырысын өткізеді

Ұлыбритания премьер-министрі Brexit келісіміне қатысты үкіметтің шұғыл отырысын өткізбек. Бұл туралы Financial Times хабарлады.

2 қаңтарда Британияның Еуропалық Одақ құрамынан шығуына байланысты экономикалық және шекаралық мәселелер талқыланып, Brexit жоспары Парламентке ұсынылады. Бұған қатысты Британия басылымдары: «Шарт Тереза Мэй үшін жеңіс емес, нағыз капитуляция. Бұл келісімді қолдау үшін еш негіз жоқ», – дейді. Расымен, біраз уақыт ішінде саясаткерлер тарапынан қатаң сынға ұшыраған Brexit жоспарына қарсы барлық оппозициялық партиялар, сондай-ақ консерваторлардан құралған Парламенттің ондаған мүшелері әлі де премьер-министрдің жобасын тоқтатуға тырысып бағуда. Ал ресми Брюссель Мэйдің бұл жоспарын ратификациялау туралы шешім шығарды.

Британия ЕО-дан 2019 жылдың 29 наурызында шығады. Brexit келісімінен кейін Ирландия Республикасы мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара мәселесі реттеліп, Солтүстік Ирландияның кеден одағының құрамында қалуы туралы заң жобасы жүзеге асады.

"The Qazaq Times"

Автор
Жандос