Жұмыс іздеп жүрген азамат құлдыққа қалай түскенін айтып берді (ВИДЕО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Теңізшевройл" мұнайы тиелген екі танкерге қайтадан шабуыл жасалды: бірінде өрт шықты

"Теңізшевройл" мұнайы тиелген екі танкерге қайтадан шабуыл жасалды: бірінде өрт шықты
Фото: t.me/caspian_pipeline

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалы аумағында екі танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалғанын хабарлады. Оқиға 30 шілдеде Мәскеу уақытымен сағат 01:48-де тіркелген., деп хабарлайды kznews.kz.

КҚК теңіз терминалындағы екі танкерге дрон шабуыл жасады: біреуі Теңіз мұнайын тиеп жатқан

Консорциум мәліметінше, шабуыл кезінде Маршалл аралдарының туымен жүзетін NIFFOS SIFNOS танкері ВПУ-3 сыртқы айлақ құрылғысында мұнай қабылдап тұрған. Жүк жөнелтуші ретінде «Теңізшевройл» компаниясы көрсетілген.

Дрон танкердің жүк палубасындағы мұнай қабылдау манифольдтары орналасқан бөлікке соққы берген. Соның салдарынан өрт тұтанып, оны экипаж КҚК-ның үш көмекші кемесінің қатысуымен толық сөндірген.

Консорциумның хабарлауынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Мұнайдың теңізге төгілуі тіркелмеген, экипажды эвакуациялау немесе оларға медициналық көмек көрсету қажеттілігі туындамаған. Танкер жүзу қабілетін сақтап қалған, қазір келтірілген зақым көлемі анықталып жатыр.

Оқиғадан кейін мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Ал КҚК-ның мұнай құбыры жүйесінің қалған нысандары қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.

Сол түні тағы бір кеме – Мэн аралының туымен жүзетін MARATHI танкері де дрон шабуылына ұшырады. Ол КҚК теңіз терминалына қарай бет алып келе жатқан және шабуыл кезінде терминалдан шамамен алты теңіз милі қашықтықтағы аумақтық суларда болған.

Каспий құбыр консорциумы болған оқиғаны халықаралық энергетикалық инфрақұрылымға жасалған террористік шабуыл деп бағалады. Компания Қазақстан мен шетелдік акционерлердің, сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаменті арқылы жасалған энергетикалық нысандарға шабуыл жасамау жөніндегі үндеулерін еске салды.

Бұл соңғы апталарда КҚК жұмысына қатысы бар танкерлерге жасалған алғашқы шабуыл емес. Бұған дейін де консорциум терминалы арқылы мұнай тасымалдаған бірнеше кеме шабуылға ұшыраған болатын.

КҚК – Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыттардың бірі. Осы құбыр жүйесі арқылы Теңіз және өзге де ірі кен орындарында өндірілген мұнай әлемдік нарыққа жеткізіледі. Сондықтан Қара теңіздегі терминал жұмысының кез келген үзілуі Қазақстанның мұнай экспорты мен өндірісіне әсер етуі мүмкін.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі