"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Tengri Bank-тен 5,4 млрд теңге қаржы ұрланды

Tengri Bank-тен 5,4 млрд теңге қаржы ұрланды

Tengri Bank-тен 5,4 млрд теңге қаржы ұрланды. Экс-менеджерлері осы іс бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Қаржы комитеті Экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") Tengri Bank АҚ экс-менеджерлеріне қатысты банктің 5,4 миллиард теңгеден асатын қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде.

"9 қарашада Алматы қаласының тергеу соты Б.А.Ілиясовқа, А.У. Жадықовқа, Н. М. Жылқыбаеваға қатысты 2 айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталғаны хабарланған болатын.

Автор
Еркебұлан