KZNews.kz
Қоғам

Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 кәсіпорнында апат орын алды

KZNEWS

ҚарГРЭС-1 кәсіпорнында багерлік сорғы істен шықты, деп хабарлайды Kznews.kz.



Апат салдарынан "Ескі қала" ықшам ауданындағы үйлерде батареялар салқындай бастаған. Ақауларды жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.



"Құрметті тұрғындар, ҚарГРЭС-1-дегі багерлік сорғының апаттық сөнуі салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. Жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта температура кестесін теңестіру жүріп жатыр. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде", - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Бұған дейін елімізде соңғы тәулікте 4 апат орын алғанын жазған едік.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары