Қатысушылар өз дайындық деңгейіне қарай бірнеше қашықтықтың бірін таңдай алды: символикалық 2,5 шақырымнан бастап, 10 шақырымдық күрделі қашықтыққа дейін. Жүгіру бағыты стадион айналасымен өтті, ал старт пен мәре қаладағы Тарихи-мәдени орталықтың жанындағы концерттік сахна маңында орналастырылды. Уақытты дәл өлшеу үшін кәсіби MyLaps жабдығы қолданылды.

Іс-шара 18:00-де қатысушыларды тіркеу және старттық пакеттерді тарату арқылы басталды. Әрбір қатысушыға чипі бар жеке нөмір мен Temirtau Run логотипі бейнеленген футболка берілді. Мәреде жүгіріп келгендерді естелік медальдар, жемістер мен су күтіп тұрды.

Жүгіру 19:00-де басталды. Кейбір қатысушылар шараға ерекше көңіл-күймен келіп, түрлі костюмдер киіп шықты. Әсіресе Qarmet компаниясының қызметкері, жоба идеясының авторы Алексей Сидоренконың болатшы киіміндегі образы көпшіліктің назарын аударды.
«Біз көңілді, спорт сүйетін бір топ болып жиналдық. Әркім өзіне ыңғайлы қашықтықты таңдады. Өзім 2,5 км жүгіріп, басқа қатысушыларды қолдап, жақсы көңіл-күй тараттым. Атмосфера керемет болды — тұрғындар бүкіл отбасымен шығып, қолдау көрсетті. Temirtau Run — бұл командалық рух пен алға ұмтылыс. Qarmet компаниясында еңбек пен спорт қатар жүреді», — деді Алексей Сидоренко.

Ерлер арасында 10 км қашықтықта Қарағандыдан келген Илназ Басыров жеңіске жетті. Оның айтуынша, жел кедергі келтіргенімен, жарыс жоғары деңгейде өтті.
«Жел сәл тежегенімен, бәрі ұнады. Біз жүгіру клубымен бірге келдік. Алты жылдан бері жүгіріп жүрмін, жиі жүлделі орын аламын. Теміртауға бұған дейін де келгенмін. Бүгін жеңіске сенімді болдым — өз қалаңда жеңілмеу керек!», — деді жеңімпаз.

Temirtau Run 2025 тек спорттық шара ғана емес, елдің металлургия қуатын арттырып отырған еңбек адамдарын құрметтеудің айқын белгісі болды. Бұл — жай ғана шақырымдар емес, бұл — қолдау мен бірлікті, салауатты өмір салтын дәріптейтін бастама.