Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда бір жарым жасар баланы тұншықтырған тәрбиеші сотталып жатыр

Теміртауда бір жарым жасар баланы тұншықтырған тәрбиеші сотталып жатыр

Теміртаудағы "Домик" балабақшасының тәрбиешісі бір жарым жасар қызға күш қолданды деп күдіктеліп, Қарағандыда сот алдына келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: bandp.ru

Қылмыстық істің тыңдалымы Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісін қарайтын мамандандырылған ауданаралық ювеналды сотында басталды.

Тәрбиеші Үміт Пірмеханова Қылмыстық кодекстің 140 бабы 2-тармағы бойынша айыпталуда. Осыған дейін екі сот отырысы ашық режимде өткен.

Екі жасқа енді ғана толған жәбірленуші қыздың анасы тәрбиеші ісін тым жеңіл баппен қаралып жатыр деп санайды.

"Бұл бап бойынша жазаның өтелуі 300 АЕК айыппұл немесе 75 күн қамауда отыру. Балаға келтірілген зардаптың өтеуі осы ғана ма?", - дейді Анна Баркалая.

Оның айтуынша, балабақшада қатал жаза көрген кішкентай Нана қазір тез ашуланып, қызбалыққа оңай салынып кетеді екен.

Балабақша директоры Кристина Такирова 14 қараша күні өтетін сот отырысына куәгер ретінде қатыспақ.

Еске салсақ, 50 жастағы тәрбиеші өз кінәсін толық мойындап, жылап жатқан баланы тыныштандырмақ болғанын айтқан.

Автор
Мадияр