"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда 37 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Теміртауда 37 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Теміртауда 37 жастағы Сергей Репкин 10 күннен бері із-түзсіз жоқ .

Сергейдің келіншегі Ольга Рипкина оның түнгі ауысымнан кейін үйге келмегенін айтады.

«Телефоны қыркүйекте бұзылып қалған. Содан бері телефонсыз жүр. Жұмысында деп ойладық. Таңертеңге дейін күттік. Келмеді. Сағат түскі 12:00-де бастығына хабарластық. Ол күйеуімнің түнде жұмыста болмағанын айтты», - дейді Ольга Рипка.

Ольга күйеуін алдымен өзі іздеп, кейін полицияға арыз түсіргенін айтады. Сергей Рипкин 20 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бойы - 170, көзі - жасыл, шашы - қара, ернінің оң жағында жырық бар. Келіншегі қандай да бір ақпарат білетіндерге 102 немесе 87783662681 нөміріне хабарласуын өтініп отыр.

Дереккөз: sn.kz

Автор
Мадияр