KZNEWS.KZ
Саясат

Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол жұмсады

• Айгерім Асылова

Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов 20 желтоқсан күні кешке өз үйінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұм 46 жаста болған. Артында балалары қалды.

Қайғылы жағдай туралы ақпаратты аудандық әкімдік растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың жазында тағайындалған.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →