KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Тележүргізуші Динара Сәтжан елге болашақ келінін көрсетті

Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады. Оның айтуынша, ұлы жақын арада шаңырақ көтермек. Осыған орай ол құдаларымен бас қосып, дәстүрлі тәтті шай ұйымдастырған, деп хабарлайды kznews.kz.

Жүргізуші бұл ерекше сәттен суреттер жариялап, болашақ келінін де көпшілікке таныстырды. Ол келіні туралыжылы пікір білдіріп, «Келінімнің өзіме ұқсайтынын білгенмін» деп жазды.

Айта кетейік, қазақы дәстүр бойынша тәтті шай – екі жақтың ресми түрде танысып, құдалық қарым-қатынасты бекітетін маңызды рәсімдердің бірі. Бұл басқосу болашақ тойдың алғышарты саналады.

Желі қолданушылары Динара Сәтжанның қуанышына ортақтасып, жас жұпқа бақыт тілеп, жылы лебіздерін жаудырды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →