"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қазақстандық оқушылармен кездесті

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қазақстандық оқушылармен кездесті

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы әрі танымал кәсіпкер Павел Дуров Қазақстандық оқушылармен кездесті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павел Дуров ауылдық жерден келген 500 оқушымен кездескен. Кездесу барысында ол бірнеше сағат бойы оқушылармен еркін әңгімелесіп, мектеп өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Дуров жасөспірімдерге алғашқы бағдарламалау тәжірибесі, жасанды интеллекттің болашағы және биотехнологиялардың әлемдік даму бағытындағы рөлі туралы ойларын жеткізді.

Оқушылар кәсіпкерге өз жетістіктерін таныстырды. Олимпиадалардағы жеңістері, экологиялық және IT-жобалары туралы баяндады. Бір оқушы Telegram платформасында өзінің жасаған боты жайында айтып берді.

Айта кетейік, Павел Дуров өткен жылы қазақстандық ауыл жастарын қолдау үшін 350 мың доллардан астам қаржы бөліп, 12 дарынды оқушының білім алуына мүмкіндік жасаған болатын.

Еске салсақ, Павел Дуров 17 миллиард долларлық мұрасын 100-ден астам баласына қалдыратынын жазғанбыз. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.