Бұған дейін Telegram-дағы чаттар жеке деп есептеліп, мұндағы шағымдар қарастырылмайтын. Енді құқыққа қайшы контент туралы модераторларға шағымдануға болады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі "РБК" басылымына сілтеме жасап.
Енді Telegram-да чаттар мен жеке топтардағы "заңсыз контент" туралы модераторларға хабарлауға болады. Бұл туралы жиі қойылатын сұрақтар бөлімінде жазылған.. Бұған дейін ол жерде "Telegram-ның барлық чаттары мен топтық чаттары жеке боп есептеледі және мессенджер әкімшілігі олармен байланысты ешқандай сұрауларды қарастырмайды" деп жазылатын.
"Енді бұл бөлімде "Telegram-ның барлық бөлімінде "шағымдану" батырмалары бар, осы арқылы заңсыз контент туралы модераторларға хабарлауға болады. Ол үшін хабарламаны басып тұру қажет, сонда пайда болатын мәзірде осы батырма болу керек", - делінген хабарда.