Ресейдегі МемДума сайлауы: "Біртұтас Ресей" алда келеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тегін тамақ пен экотәрбие: мектептерде не өзгереді?

Тегін тамақ пен экотәрбие: мектептерде не өзгереді?
Фото: ашық дереккөздерден

Биыл ел мектептеріндегі оқушыларды тегін тамақтантандыруға 210 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Қазір бірінші-төртінші сыныптарда оқитын шамамен 1,4 миллион бала және әлеуметтік осал санаттағы тағы 230 мың оқушы тегін тамақпен қамтылған.

Мемлекет осы арқылы бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардың балаларын тамақтандыру мәселесін шешуді көздеп отыр.

Сонымен бірге экологиялық тәрбиеге де басымдық берілмек. «Жасыл мектеп» жобасын қазіргі 85 мектептен 1000 мектепке дейін кеңейту жоспарланған. Жоба аясында оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру көзделеді.

Яғни, мектептегі әлеуметтік қолдау енді тек тегін тамақпен шектелмей, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытымен де толықтырылады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.