Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырауда жаңа балабақша ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырауда жаңа балабақша ашылды

2018 жылғы 14 желтоқсан 09:14 137

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында жаңа балабақша ашылды. 290 орынға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемесі демеушілердің қаражатына салынған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың Самал шағынауданында орналасқан балабақшаның құрылысы Атырау облысы әкімдігі мен «КТК-К» АҚ компаниясының арасында қол қойылған келісім аясында жүргізілген. Нысанның жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады.

«Бүгінде Самал шағынауданында 2,5 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Жаңа балабақша жергілікті тұрғындар үшін нағыз сыйлық болды. Қазіргі кезде мұнда 900 орынға арналған орта мектептің құрылысы жүргізілуде», - деп баяндады Атырау қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза Шаңгереева.

Авторы: А. Соколов

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Мадияр