KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тәтті сусындардың жаңа қаупі анықталды - Денсаулық

KZNEWS

Тәтті сусындардың жаңа қаупі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. Ғалымдар жүргізген зерттеу  MedicalXpres сайтында жарияланды.

Америкалық ғалымдардың айтуынша, тәтті сусындарды көп ішетін адамдарда бүйректің созылмалы ауруына шалдығу қаупі көбірек.

2000-2004 жылдарда басталған зерттеуге 3003 адам қатысқан. Олардың барлығы сауалнамаға қатысып, қандай өнімдерді жиі қолданғанын көрсетіп жазған. Содан олардың денсаулығына 9 жыл бойы бақылау жүргізілген. Нәтижесінде 185 адамда бүйректің созылмалы ауруы анықталған.

Осылайша, тәтті сусындар мен тәтті жеміс-жидектерді көп қолданатындарда бұл дерт көбірек асқынған.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары