Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тасмағамбетовтің кеңесі әсер еткен: Тұрсынбек Қабатовтың қызы университет тәмамдады (ВИДЕО)

Тасмағамбетовтің кеңесі әсер еткен: Тұрсынбек Қабатовтың қызы университет тәмамдады (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Бес жыл бұрын ҰБТ-ға қатысты даумен ел назарына іліккен Әдемі Тұрсынбекқызы бүгінде Дубайдағы университетті тәмамдап, диплом алды. Ол сәулетші мамандығы бойынша білім алған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін Әдемінің есімі ҰБТ кезінде өз орнына басқа адамның тест тапсырғаны туралы оқиғаға байланысты көпшілікке белгілі болған еді. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.

Кейін аталған іс бойынша ЕҰУ-дің 2-курс студенті жауапқа тартылғаны хабарланған. Алайда қылмыстық істің одан кейінгі нәтижесі көпшілікке жария етілмеді.

Бүгін Әдемі Тұрсынбекқызы оқуын сәтті аяқтағанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ал оның әкесі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызының шетелде білім алуына кезінде Иманғали Тасмағамбетовтің кеңесі әсер еткенін жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер