KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

KZNEWS

Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы болып тағайындалды.

"Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысы лауазымына үш жыл мерзімге тағайындалды", - делінген ҰҚШҰ сайтында.

Тасмағамбетов 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. Бұған дейін әр жылдары премьер-министр, қорғаныс министрі қызметтерін атқарған, Алматы және Астана әкімі болған.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету 2023 жылы Армениядан Беларуссияға өтті.

Фото: e-wiki.org

KZNEWS
Автордың басқа материалдары