«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәшібай Әлмұхамбетов | өмірбаяны

Тәшібай Әлмұхамбетов |  өмірбаяны

Тәшібай Әлмұхамбетов Торғай өңіріндегі Бастау деген жерде дүниеге келген. Балалық шағын Ұлытау, Қарсақпай, Жезқазған атырабында өткізеді. 1938 жылы Абай атындағы Мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіреді. Бұдан кейін Ұлытау, Қарсақпай, Жезқазған мектептерінде мұғалім болып істейді. 1942 жылы майданға аттанады. Дон өзені бойындағы қатты ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, Қазан госпиталінде дүние салады. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ақынжазушылармен бірге, Тәшібай есімі де Қазақстан жазушыларының үйіндегі ескерткіш тақтада алтын әріптермен жазулы. ҚазПИде оқып жүрген кезінде оның «Туған жер» деген өлеңі «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланады. Сол жылдары жарық көрген ұжымдық жыр жинақтарына жыр топтамалары енеді. Ол бірнеше әдеби сын мақала, әңгіме, очерк, поэма, повестер де жазған.

 

Автор
Арман