Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразға ата-анасына қонаққа келген астаналық жігіт коронавирус жұқтырды

Таразға ата-анасына қонаққа келген астаналық жігіт коронавирус жұқтырды

Жамбыл облысында ата-анасына келген елорданың 1992 жылғы тұрғынынан қауіпті вирус табылды, онымен байланыста болған адамдар анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Алтыншы сәуір күні Жамбыл облысында індетке шалдыққан тағы бір науқас тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

5 сәуірде ер адам өткір респираторлық вирустық инфекция белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған. Коронавирусқа тапсырған лабораториялық талдау оң нәтиже көрсетті.

Коронавирус жұқтырған пациент – Нұр-Сұлтан қаласының 1992 жылғы тұрғыны. Өз көлігімен Тараз қаласында тұратын ата-анасына келген.

Науқаспен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, карантиндік стационарға жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырды

Мекенжай ошағы мен ер адамның барған жерлеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Республикада науқастардың жалпы саны 629 адамға жетті, оның ішінде отыз бесі Жамбыл облысында тіркелген.

7 сәуірден бастап Тараз қаласы карантинге жабылады.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан