KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Тараздағы каналдан шақалақтың мәйіті табылды

Айжан Сыланова

Тараз қаласының шетіндегі шағынаудандардың бірінде орналасқан каналдан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Нәрестенің денесін маңайда ойнап жүрген балалар байқап қалған. Олар бастапқыда суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Кейін оның жаңа туған сәби екені анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың кіндік бауы кесілмеген.

Қазіргі уақытта полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасының жеке басын анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →