Трамп Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізді: Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда каналдан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Таразда каналдан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Фото: ашық дереккөз

Таразда қала шетіндегі шағынаудандардың біріндегі каналдан өлі сәби табылды.

Нәрестенің денесі судың ішінен шыққан деп хабарлайды kznews.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Өлі нәрестені маңайда ойнап жүрген балалар алғаш болып байқап қалған. Олар бастапқыда суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Алайда оның шын мәнінде жаңа туған сәби екені анықталған.

Мәліметке сәйкес, нәрестенің кіндік бауы да кесілмеген. Қазір полиция баланың анасын іздеп жатыр.

“Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасының жеке басын анықтау үшін барлық қажет жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр”, – делінген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылғаны туралы жазған едік. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған сәби қыз бала. Дәрігерлердің айтуынша, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жамбыл облысы полиция департаменті жаңа туған сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.