Трамп Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізді: Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тараздағы каналдан шақалақтың мәйіті табылды

Тараздағы каналдан шақалақтың мәйіті табылды

Таразда каналдан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды. Нәрестені маңайда ойнап жүрген балалар байқап қалған. Полиция баланың анасын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Тараз қаласының шетіндегі шағынаудандардың бірінде орналасқан каналдан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Нәрестенің денесін маңайда ойнап жүрген балалар байқап қалған. Олар бастапқыда суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Кейін оның жаңа туған сәби екені анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың кіндік бауы кесілмеген.

Қазіргі уақытта полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасының жеке басын анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.