ка

Таразда полиция подполковнигі әшкереленген бейнежазбадан соң жұмыстан босатылды - Тосын жай

11.01.2019 11:28
0
58
Таразда полиция подполковнигі әшкереленген бейнежазбадан соң жұмыстан босатылды - Тосын жай

Таразда ішкі істер органдарынан қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы подполковник У. Сексенбаев қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін жұмысынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 5 қаңтарда әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің қызметтік автокөлігмен мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы бейнежазба тараған болатын. Бейнежазбада полиция қызметкерінен көлікті өшіріп, аты-жөнін айтуын сұрайды. Одан соң көліктің нөмірін бейнежазбаға түсірген.

Полициядағылардың мәліметінше, қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде полиция подполковнигі қызметтік тәртіпті бұзғаны және жол-көлік оқиғасына себеп болғаны үшін ішкі істер органдарынан қуылды.

"Оған қоса полицейдің тікелей басшылары, яғни Жамбыл облысының ПД ЖПҚ мен Тараз қаласының басқарма полициясы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий