Астана қаласының ПД туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.
— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, — делінген хабарламада.