Полицияның мәліметінше, оқушы қаладағы шағын аудандардың бірінде анықталған. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек тұсынан алған соққы себеп болған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Жедел іздестіру барысында кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген полицияның ресми хабарламасында.