Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түлкібаста бір топ адам 32 жастағы ер адамды пышақтап кетті: ол оқиға орнында жантәсілім етті

Түлкібаста бір топ адам 32 жастағы ер адамды пышақтап кетті: ол оқиға орнында жантәсілім етті
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Түлкібас ауданында 32жастағы ер адам ауылдастарымен кездескеннен кейін қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Желідегі мәліметтерге сүйенсек, марқұмның жақындарының айтуынша, 19 шілде күні таныстары оған қайта-қайта қоңырау шалып, сыртқа шығуға көндірген. Бейнебақылау камерасындағы жазбада сол кеште бес адамның оны соққыға жыққаны көрінеді.

Қайтыс болған азаматтың жұбайының сөзінше, шабуылдан кейін белгісіз адамдар күйеуінің телефонынан қоңырауларға жауап беріп, туыстарын әдейі жаңылыстырған.

Оның айтуынша, ер адам мойнынан пышақ жарақатын алған. Сонымен қатар денесінде көптеген соққы іздері мен саусақтарының сынғаны анықталған.

Марқұмның туыстарының мәліметінше, қайғылы оқиғадан кейін 10 күннен астам уақыт өтсе де, тек бір ғана күдікті қамауға алынған. Қалғандары әлі бостандықта жүрген көрінеді.

Марқұмның артында жұбайы мен бес кішкентай баласы қалды. Кенже сәбиінің дүниеге келгеніне әлі 40 күн де толмаған.

Отбасының айтуынша, қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Марқұмның жақындары істің жан-жақты әрі әділ тергелуін және оқиғаға қатысы бар барлық адамның заң алдында жауапқа тартылуын талап етуде.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.