"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Тақияны жыныс мүшесіне кигізу»: Танымал журналист Асхат Ниязовтың сөзі елдің ашуына тиді

«Тақияны жыныс мүшесіне кигізу»: Танымал журналист Асхат Ниязовтың сөзі елдің ашуына тиді

Журналистің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оны ұлттық намысқа тиетін және қазақ халқының киелі ұғымдарын келемеждеуге тең деп бағалады.

Осы жағдайға байланысты азаматтардың бірі Бас прокуратураға арыз түсіріп, Қылмыстық кодекстің 174-бабы — «ұлт араздығын қоздыру» бойынша тексеріс жүргізуді сұраған. Арыз иесі сараптама тағайындап, аталмыш әзілде ұлтаралық немесе ұлттық араздық тудыру белгілері бар-жоғын анықтауды өтінген.

«Бұл әзіл 100% іс қозғалады дегенді білдірмейді. Құзырлы орган оның құрамында қылмыс бар ма, жоқ па, соны анықтайды. Мүмкін бұл жай ғана сәтсіз қалжың шығар. Бірақ кез келген әзіл адамдарды бөліп-жармауы керек. Асекеңнің өзі айтқандай, жақсы юмор біріктіреді, ал жаман юмор — бөледі», — деді ол.

Қоғамда бұл мәлімдеме «пікір еркіндігі ме, әлде әдепсіздік пе?» деген сауал төңірегінде айтыс туғызды. Бір тарап Асхат Ниязовты журналистік этиканы сақтамады деп сынға алса, енді бірі оның сөзін еркін ой мен сатира тұрғысынан қорғап отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.