KZNews.kz
Білім

Тапқыр болсаң, тауып көр!

KZNEWS

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады


Тапқыр болсаң, тауып көр!

Автор: Уразбаева Шолпан Тажигалиевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Презентация Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-23

Материал туралы қысқаша түсінік

бұл материал рсы тақырып бойынша мұғалімдерге керек

Сайыстың тақырыбы: «Тапқыр болсаң озып көр» Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту, логикалық ойлауын, шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіру. 2.Дамытушылық: Оқушыларды ана тілін сүюге, адамгершілік ізгі қасиеттер қалыптастыру, тереңнен ой толғауға үйрету. 3.Тәрбиелік: Топпен бірлесіп ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, шығармашылық ізденістерге баулу. Сайыстың барысы: Ұйымдастыру кезеңіБүгінгі сайысымызда қазақ халқымыздың дана сөздерін еске түсіреміз.сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.I - кезең. « Таныстыру» II-кезең: «Сұрақ - жауап» III – кезең. «Ойлы болсаң, озып көр»IV-кезең «Тапқыр болсаң жауап бер»VI –кезең. «Сөзжұмбақ»I кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды»  бөлімінде өздерің таныстыру.

II кезең «Білекті бірді жығады,Білімді мыңды жығады.Инемен құдық қазғандайБілімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Сұрақ - жауап» сайысы. Қай сыныптың оқушысы көп сұраққа жауап берсе 1 ұпаймен есептеледеі

  • Мәтінінң түрлерін ата? әңгімелеу, сипаттау, пайымдау
  • Етістіктің жіктелуі дегеніміз не ? етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеру
  • Етістіктің шақтарын ата. осы шақ, өткен шақ, келер шақ
  • Осы шаққа мысал келтір. Көріп тұр, өсіп тұр.
  • –мен, -бен, -пен жалғаулары қай септікке тиісті? Көмектес сеп
  • Кімге? Неге? Қайда? сұрақтарына жауап беретін септікті ата. Барыс
  • Табыс септігінің жалғаулары? Кімді? Нені?
  • Оқыды, келіпті қай шаққа жататынын анықта. Оқыды, келіпті
  • Сөйлемде бастауыш қызметін атқаратын септік? Атау септік
  • Өзенде, көлде, білімде қай септікке жатады. Жатыс септік
  • Тұрақты сөз тіркесіне мысал келтір. Жаны ашыды, үріп ауызға салғандай, ала жібін аттады.
  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не? Сөйлемде 1 ғана сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері

III кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» Бұл кезеңнің шарты қазір мақал – мәтел беріледі олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып айту керек.

Тіл - буынсыз
  • Піл көтермегендіТіл -көтереді.
  • Басқа пәле_тілден
  • Тіл– тиексіз.
  • Бас кеспек болса да,Тіл -кеспек жоқ.
  • Ашуың келсе – қолың тарт,Айтпас жерде – тілің тарт
  • Көп сөз – күміс,Аз сөз алтын
  • Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
  • Оқу – білім азығы,
  • Білім– ырыс қазығы.
  • Білім басы – бейнет, соңы – зейнет
  • Білімдіге дүние жарық.Білімсіздің күні кәріп.
  • Өнер – ағып жатқан бұлақ,Ілім – жанып тұрған шырақ

IV кезең. «Тапқыр болсаң, жауап бер»  Бұл кезеңде оқушылар берілген жұмбақтың жауабын тауып, жауап береді.

  • Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)Тор көздi жазық.Үстiне өттiм,Асыл сөз жазып.   (Дәптер)Дiнi – бояу.    (Қарындаш)
  • Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiндеСайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)
  • Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап)
  • Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.   (Сия)

V кезең «Сөзжұмбақ» Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақтарды шешеді.

Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары