Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал ресейлік "Отпетые мошенники" тобының бұрынғы солисі көз жұмды

Танымал ресейлік "Отпетые мошенники" тобының бұрынғы солисі көз жұмды

50 жастағы ресейлік әнші, әйгілі "Отпетые мошенники" тобының бұрынғы солисі Вячеслав Зинуров өз пәтерінде өлі күйінде табылған. Қайғылы жағдай туралы "СтарХит" басылымына оның маңайындағылардың бірі хабарлаған.

Басылымның мәліметінше, өнер иесі 10 наурыз күні сұхбат беруі керек еді, алайда ол түстен кейін байланысқа шықпаған. Зинуровтың өмірден өткені туралы оның Instagram желісіндегі парақшасында да хабарланды. Онда әншінің ақ-қара суреті жарияланған. Ресейлік танымал адамдар жазбаның астына көңіл айтып, пікір қалдыруда. Әзірге Вячеслав Зиннуровтың неден көз жұмғаны белгісіз. Айта кетейік, Вячеслав Зиннуров көпшілікке Том Хаос лақап атымен де танымал. Ол халық арасында 1996 жылы құрылған әйгілі "Отпетые мошенники" тобының солисі ретінде кеңінен танылды. Топ құрамында Том Хаостан бөлек, Сергей Аморалов және Гарик Богомазов сынды әншілер болды. Ал продюсерлік қызметті Евгений Орлов атқарды. "Отпетые мошенники" тобы "Всяко-разно", "Бросай курить", "Девушки бывают разные", "Люби меня люби" және тағы басқа көптеген хит әндерді орындаған. Вячеслав Зиннуров өткен жылдың тамыз айында топтан кеткен болатын. Ол топтан кету себебін қаржылық келіспеушілікпен байланыстырған еді.

Автор
Еркебұлан