Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Алагөзов бір жылда ондаған миллион долларға байыған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал "Қоңырау" романының авторы қайтыс болды

Танымал "Қоңырау" романының авторы қайтыс болды
Yosuke Hayasaka / Reuters. Суретте: Кодзи Судзуки

Жапон жазушысы, әйгілі хоррор жанрындағы "Қоңырау" романының авторы Кодзи Судзуки 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Kyodo.

Агенттік мәліметінше, жазушы 8 мамыр күні Токиодағы ауруханалардың бірінде көз жұмған. Басқа деректер әзірге айтылған жоқ.

Кодзи Судзукидің алғашқы романы "Рай" 1990 жылы Жапониядағы фэнтези романдары байқауының бас жүлдесін жеңіп алған.

Ал жазушыға халықаралық танымалдық әкелген шығарма – 1991 жылы жарық көрген "Қоңырау" романы. 1998 жылы режиссер Хидео Наката бұл туындыны экранға шығарғаннан кейін шығарма әлемдік мәдени феноменге айналды. Кейін оның негізінде бірнеше фильм түсіріліп, 2002 жылы Гор Вербински Голливудтық ремейк жасады.

Судзукидің шығармалары Жапонияда ғана емес, шетелде де жоғары бағаланды. Оның "Спираль" романы Жапонияда жас жазушыларға арналған Эйдзи Ёсикава әдеби сыйлығын алса, "Қыр" романы АҚШ-та Ширли Джексон сыйлығына ие болды.

2009 жылы жазушы "Тамшы" атты хоррор әңгімесін дәретхана қағазы орамдарына жариялап, ерекше шығармашылық шешімімен назар аудартқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер